From Wikipedia, the free encyclopedia
Мақат ауданы — Атырау облысының орталық аумағындағы әкімшілік бөлік. 1924 жылы құрылған. Жер аумағы 9,1 мың км². Халқы 29,6 мың адам (2023). Құрамында 2 кент, 2 ауыл бар. Орталығы — Мақат кенті.
Қазақстан ауданы | |||
Мақат ауданы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облысы | |||
Аудан орталығы | |||
Ауылдық округтер саны |
1 | ||
Кенттік әкімдіктер саны |
2 | ||
Ауыл саны |
4 | ||
Әкімі |
Азамат Саматұлы Мәмбетов | ||
Аудан әкімдігінің мекенжайы |
Мақат кенті, Сәтбаев көшесі, №1 | ||
Тарихы мен географиясы | |||
Құрылған уақыты |
1924-1963, 1966-1988, 1990 | ||
Жер аумағы |
9,1 мың[1] км² (7-ші орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
29 635[2] адам (2023)(5-ші орын) | ||
Тығыздығы |
3,3 адам/км² | ||
Ұлттық құрамы | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 71236 | ||
Автомобиль коды |
06 | ||
Аудан батысында Махамбет ауданы және Атырау қаласымен, солтүстігінде Қызылқоға ауданымен, оңтүстігінде Жылыой ауданымен шектеседі.
Аудан аумағы Каспий маңы ойпатының оңтүстік шығысында, Каспий теңізінің солтүстік шығыс жағалауында орналаскан. Ойпат дүниежүзілік мұхит деңгейінен 28 м. төменде жатыр.
Жер бедері көбіне тегіс, аз тілімделінген, топырағы тұзды. еліміздегі ен ірі жазықтардың бірі болып есептеледі. Аудан аумағында айта қаларлықтай биіктіктік кездеспейді. Аудан жері теңізге қарай біртіндеп кұлдилай беретін жазықтық болып келеді. Бүкіл аумағы теңіз деңгейінен төмен жатыр: солтүстігінде -10 м. болып, оңтүстігінде -22 м-ге дейін барады.[4]
Мақат ауданы аумағында пермь-триас, ортаңғы юра және бор дәуірлерінің жыныстарында түзілген тұзды күмбездерде шоғырланған ірі 23 мұнай, газ кен орындары бар. Одан басқа калий тұзы және гипс кен орындары да кездеседі. Ірі мұнай кен орындарына Бекбике, Қошқар, Сағыз, Мақат, Доссор, Таңатар, Байшонас, Комсомол, Ескене, Қарсақ, Ботақан, т.б. жатады.
1928 жылы 17 қаңтарда Гурьев округінің құрамында орталығы Доссор ауылы болып, Доссор ауданы құрылды. 1931 жылы аудан таратылып, Жилокоса ауданына қосылды (Қазақ АКСР ОАҚ 01.01.1932 бекіткен). 1938 жылы Гурьев облысының құрылуына байланысты аудан қайта құрылып, Мақат ауданы аталды. 1963 жылы аудан таратылып, Ембі ауданына берілді. 1966 жылы қайта құрылды. 1979 жылы аудан орталығы Доссордан Мақат кентіне көшірілді. 1988 жылы аудан қайта таратылып, 1990 жылы қайта құрылды.[5]
Мақат ауданының климаты тым континенттік және құрғақ; қысы біршама суық (қараша — наурыз айларында). Ауа райының орташа температурасы қаңтарда –10°С (кейде –35 — 40°С-қа дейін төмендейді), шілдеде 25°С (кейде 40°С-тан да жоғары). Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 150 — 175 мм. Тымық күндер аз. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 — 5 м/с, қатты желдер де (10 — 15 м/с-қа дейін) болып тұрады.
Аудан көлемінде тұрақты ағынды су көзі жоқ. Жер беті суларынан тек ауданның шығыс бөлігі бойымен ағып өтетін суы тұзды Сағыз өзені ғана бар. Бұл өзеннің өзі де көктемгі қар суларымен ғана толығып отырады. Тереңде жатқан жер асты суларының минералдығы жоғары.
Егіншілікке жарамсыз сор, сортаңды, бозғылт және сұр топырақ қабаттарында, көбінесе, жусан, көкпек, бұйырғын жантақ, қаңбақөседі. Жануарлар дүниесін шөлге бейім кемірушілер мен бауырымен жорғалаушылар құрайды. Қасқыр, түлкі, қарсақ, киік, сарышұнақтар, қосаяқ, жылан, кесіртке; құстардан қарақұс, қарға, торғай кездеседі.
1939 | 1959 | 1970 | 1979 | 1999 | 2009 | 2023 |
---|---|---|---|---|---|---|
27012 | ▼23474 | ▲24418 | ▼23079 | ▲25193 | ▲29269 | ▲29635 |
Мақат ауданының халқы түгелімен дерлік қалалық жерде қоныстанған. Халықтың 1 км²-ге шаққандағы орташа тығыздығы 5,3 адам. Оның басым көпшілігі қазақтар (97,6%). Басқа ұлт өкілдерінен орыстар, өзбектер, т.б. тұрады.
Аудандағы 4 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 1 ауылдық округке біріктірілген:
Әкімшілік бірлік | Орталығы | Елді мекендері | Халқы (2021) |
---|---|---|---|
Бәйгетөбе ауылдық округі | Бәйгетөбе ауылы | 2 | 1838 |
Доссор кенттік әкімдігі | Доссор кенті | 1 | ▲13806 |
Мақат кенттік әкімдігі | Мақат кенті | 1 | ▼13837 |
Мақат ауданында, негізінен, мұнай мен газ өнеркәсібі дамыған. Мұнай өнеркәсібін мұнда алғаш рет 1911 жылы орыс-ағылшын кәсіпорны ұйымдастырды. 1917 жылға дейін оның құрамында тек қана Доссор (1911) мен Мақат (1915) мұнай кәсіпшіліктері жұмыс істеді. 1920 жылы олар “Ембімұнай” тресіне біріктірілді. Кейіннен оның құрамы жаңадан ұйымдасқан Байшонас, Сағыз, Комсомол, Қошқар, т.б. мұнай кәсіпшіліктерімен толықты. Мұнай тасымалын іске асыру мақсатында 1939 — 40 жылы Атырау — Ор темір жол мен мұнай құбыры және оны өзге кәсіпшіліктермен қосатын мұнай құбырының тарамдары салынды. Аудандағы ірі кәсіпорындар қатарына Мақат мұнай басқармасы, локомотив депосы, Мақат темір жол желілік басқармасы, Мақат темір жол станциясы, Доссор мұнай басқармасы, “Доссормұнаймаш” ЖШС, т.б. жатады.
Аудан аумағы геологиялық кұрылымы жөнінен Онтүстік Ембі мұнайлы-газ аймағына жатады.
Қазақстанда мұнай өнеркәсібінің дамуы Доссор кенішінен бастау алады. Кен орнында 1911 жылы 31 сәуірде Жайық-Каспий мұнай қоғамы бұрғылаған №3 ұңғымадан қуатты мұнай атқылаған. Осы күннен бастап, мұнайлы алқапты игеру жеделдетіп қолға алынады. Соның нәтижесінде 1915 жылы Мақат кеніші іске қосылады. Қазіргі уақытта аудан аумағында 14 кен орнынан мұнай өндіріледі. Жаңа кеніштер ашу мүмкіндігі мол. Геофизикалық және геологиялық зерттеулер тұз үсті және тұз асты жер қыртыстарының бәрінде де мұнай-газ белгілері бар екенін көрсеткен.
Қорлары анықталып, әлі де игерілмей жатқан пайдалы қазбалар да жоқ емес. Аудан аумағында онға тарта қоңыр көмірлі кен қабаттары бар екені белгілі. Есепке алынған қоры 80 млн.тоннадан асады. Бірақ олар әлі де толықтай зерттеліп, шаруашылық кәдесіне жаратыла қойған жоқ.
Ауданда құрылысқа қажетті құм, кірпіш соғатын топырақ, керамзит және цемент өңдіретін шикізаттың барлығы анықталған. Мақат маңайында тас қалайтын ерітінділер үшін, сондай-ақ аса жауапты емес бетон құюға жарайтын құм бар екені белгілі. Оның қоры 20 млн.текше метрге жетеді деп есептелген. Мақат, Доссор, Қошқар жерлерінде тас илейтін топырақ қорының бар екені ертеден мәлім. Доссор мен Мақатта шағын кірпіш цехтары тұрғызылып, біраз жыл бойы өнім алынды. Есептеулерге қарағанда бағалы шикізаттың қоры аудан аумағында 100 млн.текше метрден асады. Іздестіру-бағалау және барлау жұмыстарына кеңінен пайдаланатын бор, саз, мергел жыныстарының көлемі 340 млн.текше метрдей деп болжанған.
Мақат ауданында ас тұзы мен калий тұзының жеткілікті қоры бар. Сондай-ақ, емдік балшық пен бұрғылау ерітіндісіне пайдаланатын шикізаттың көлемі мыңдаған текше метрмен өлшенеді. Қарабатан көлінің балшығын Атырау қаласындағы шипажайлар емдік мақсатқа кеңінен пайдалануда.
Білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінен жалпы білім беретін 12 мектеп,мәдениет үйі, 4 клуб, аудандық аурухана мен емхана, Доссор кенттік ауруханасы, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 2 отбасылық амбулатория бар. 1937 жылдан бастап “Мұнайшы” атты аудандық газет шығады. Аудан жері арқылы Мақат — Бейнеу — Қоңырат, Мақат — Индербор т. ж. және Атырау — Мақат — Қандыағаш — Ақтөбе, Доссор — Құлсары, Доссор — Байшонас, Мақат — Сағыз автомобиль жолдары өтеді.
Ауданда 10 клуб, мәдениет үйі, 3 кітапхана, жалпы білім беретін 12 мектеп, 8 емдеу- сауықтыру мекемелері бар. Политехникалық колледжде 300 жас әр түрлі мамандық алуда.[6]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.